СІМ майдан даласынан отандастарымызды елге қайтару үшін келіссөздер жүргізіп жатыр

СІМ майдан даласынан отандастарымызды елге қайтару үшін келіссөздер жүргізіп жатыр
Tiek.kz

Қазақстан азаматтарын ұрыс аймағынан елге қайтару бойынша келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, азаматтарды елге қайтару мәселесі бойынша Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, министрліктің жедел желісіне азаматтардан өтініштер әлі де түсіп жатыр.

Қазір әр адамның жағдайы тексеріліп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік желіде бұған дейін видеоүндеу жасаған қазақстандықтар туралы ақпарат та бар.

"Тексеріс аяқталғаннан кейін тізім Ресей тарапына жіберіледі", - деді СІМ өкілдері.

Министрлік Ресеймен бұл мәселе бойынша әртүрлі деңгейде байланыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. СІМ жағдайды маңызды деп бағалап, бұған дейін басқа елдердегі ұрыс аймақтарынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару тәжірибесі бар екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдегі қазақстандықтар шұғыл көмек сұрады.