Алматыда көшкін қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Медеу ауданында көшкін қаупін азайту мақсатында қауіпті учаскелерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Ауданда көшкін қаупі бар 48 учаске анықталған. Әкімдік оның 12-сінде тиісті шараларды қолға алған.
"Қазір төрт учаскеде жұмыс жалғасып жатыр. Тағы сегіз учаскеде меншік иелері сарапшылардың ұсынысына сәйкес жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде 18 учаскедегі жұмыс толық аяқталған. Қалған 30 учаске тұрақты бақылауда.