Ғалымжан Есенов "Алель Агроға" тікелей иелік етпейтін болды

Кәмшат Тілеухан 11 мау. 2025 11:02

Кәсіпкер Ғалымжан Есенов "Алель Агро" АҚ акционерлері құрамынан шықты. Оның орнын Grand Yield Inc Ltd жеке компаниясы басты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Есеновке "Алель Агро" акцияларының 44,04% үлесі тиесілі болған. 

"Дегенмен Ғалымжан Есеновтың акцияларға иелік ету құқығы сақталады. Енді ол тікелей емес, жанама түрде — АХҚО-да тіркелген, Есенов жалғыз акционер болып табылатынын Grand Yield Inc компаниясы арқылы жүзеге асырылады", - деп "Алель Агро" Forbes Kazakhstan басылымына түсініктеме берген.

Grand Yield Inc. Ltd 2023 жылдың мамыр айынан бастап Астана халықаралық қаржы орталығында "тіркелген". Бұл 32,4 млн доллар капиталға ие холдингтік компания. Ол арқылы Есенов бірнеше компаниялардағы үлестерін басқарады. Атап айтқанда, Tamos Education мектебі, "Агро Фит Қапшағай" ауыл шаруашылығы жануарларына жем өндірісі, "Алматы Алмалары", "Асыл Құс Агро" ЖШС және "Fresh Fruit Kazakhstan" шырын өндірушісі.

"Алель Агро" бройлер тауық етін өндірумен және сатумен айналысады. Алматы облысында орналасқан. Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша, Қазақстанның 75 ірі жеке компанияларының рейтингіне кіреді: 2024 жылғы түсімі - 45,7 млрд теңге, өткен жылдың қорытындысы бойынша 4,6 млрд теңге мөлшерінде таза пайда тапқан.  "Алель Агроның» акционерлері Ғалымжан Есеновтен бөлек, Марғұлан Сейсембаев (Seimar Ltd арқылы. 20,64% үлеске ие) және Сәуле Сейсембаева (AGROS Ltd арқылы 13,43% акцияға иелік етеді) болып табылады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар