Футболдан Қазақстан құрамасын шетелдік маман жаттықтырады

Футболдан Қазақстан құрамасын шетелдік маман жаттықтырады
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды. Бұл қызметке нидерландтық маман Джон ван’т Шкип тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Джон ван'т Шкип футболшы ретінде Нидерланд құрамасының сапында 1988 жылғы Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған. Ол 1986–1995 жылдар аралығында ұлттық құрама үшін 41 матч өткізді.

Бапкерлік мансабында ол «Аякс» клубының жастар және негізгі құрамын, «Твенте», «Зволле», Австралияның «Мельбурн Сити» мен «Мельбурн Харт», сондай-ақ Мексиканың «Гвадалахара» клубын жаттықтырған.

Сондай-ақ нидерландтық маман ұлттық құрамалармен де жұмыс істеген. 2019-2021 жылдары Грекия құрамасын басқарып, 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Испания, Швеция, Грузия және Косово құрамаларымен бір топта үшінші орын алған.

Оның ұлттық құрамадағы соңғы қызметі 2025 жылы Армения құрамасында болды. Команданы ақпан айында қабылдап алғанымен, төрт матчта бір ғана тең нәтижеге қол жеткізді. Осыдан кейін сол жылдың тамыз айында келісімшарты бұзылды.