Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубына қатысты қаржы жымқыру фактісін әшкереледі деп жазады Dalanews.kz.
Құзырлы органның мәліметінше, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаржы қолды болған.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізген тергеу барысында клубтың бұрынғы басшысының заңсыз әрекеттері анықталды. Ол екі сыбайласымен бірге клуб қызметкерін күш көрсетіп, айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ, күдіктілердің 15 миллион теңгені бопсалау әрекеті де белгілі болды.
Қазір сот шешімімен клубтың экс-басшысы мен оның сыбайластары – «К» және «О» есімді азаматтар қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Маңғыстау облысының Антикор қызметі бұл істі толық ашып, кінәлілерді жауапқа тартуды көздеп отыр.