Жаңа өнім Яндекс сервистеріндегі қызметтерге ақы төлеу кезінде пайдалануға болатын 20% -ға дейін қосымша балл алуға мүмкіндік беретін жоғары кэшбэкті қамтиды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ForteBank және Яндекс Плюс "Яндекс Плюс Forte" бірлескен картасының айналымға шыққанын хабарлайды. Енді көбірек балл жинақтауға болады. Оның үстіне баллдарды Яндекс Go, Еда, Афиша, Заправки, Самокаты және тағы басқа сервистерде жұмсауға болады. Картаны ашқаннан кейінгі алғашқы екі айда клиенттерге Яндекс Go тапсырыстарына жұмсауға болатын 10%-ға дейін, 5% Қазақстандағы Яндекстің барлық басқа сервистеріне және 1%-ға дейін Яндекс экожүйесінен тыс кез келген басқа сатып алуларда қосымша балдарды қамтитын кэшбек қолжетімді болады.
Үшінші айдан бастап барлық көрсетілген артықшылықтар карта бойынша айына 100 000 теңгеден артық ақша жұмсалған жағдайда сақталып, өз күшінде қалады. Сонымен қатар, клиенттер Forte ұсынатын тағы екі санаттағы жоғары кешбэкті таңдай алады.
"Яндекс Плюс Forte" картасын іске қосу - Қазақстандағы экожүйемізді дамытудағы маңызды қадам. Біз пайдаланушылар үшін қалалық және ойын-сауық қызметтерін тұтынуда 20%-ға дейін кешбэк алу ғана емес, сонымен қатар экожүйеден тыс транзакциялар үшін қосымша ұпай жинаудың бірегей мүмкіндігін қалыптастырамыз. Бұл қазақстандықтарға Яндекс Плюс-ке жазылудың көп артықшылықтарын сезуге және күн сайын қолайлы жағдайлар алуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Яндекс плюс және Орталық Азия мен Кавказдағы Яндекс ойын-сауық қызметтерінің бас директоры Владимир Горбунов.
"Яндекс Плюс Forte" картасы қаржылық операциялар үшін қолайлы шарттар ұсынады. Мысалы, алғашқы екі айда 1 млн теңгеге дейін тегін аударымдар жасау және одан кейін карта арқылы 100 мың теңгеден астам ақша жарату, бүкіл әлем бойынша банкоматтардан комиссиясыз айына 500 мың теңгеге дейін қолма-қол ақша алу, промокод бойынша ForteMarket-тен сауда жасағанда 5% жеңілдік қарастырылған.
"Бұл - нарықтағы алғашқы және бірегей серіктестік. Біз Forte цифрлық өнімдері мен Яндекс қызметтерінің синергиясы клиенттерімізге жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. Есесіне, картаны пайдаланушылар екі экожүйенің барлық артықшылықтары мен пайдасын бағалай алатын болады", — деп атап өтті "ForteBank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әмірхан Чиканаев.
Картаны Яндекс Go және Яндекс Еда қосымшалары арқылы ашуға болады, ал оны кез келген банктің картасынан немесе Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын ForteBank-тің банкоматтары, терминалдары мен кассалары арқылы қолма-қол ақшаны аударып, толықтыруға болады. Картаны басып шығару және оған көрсетілетін қызметтер тегін.