АҚШ президенті Donald Trump құрметіне Флоридадағы Палм-Бич халықаралық әуежайының атауы ресми түрде өзгертілді. Енді әуежай «Donald J. Trump International Airport» деп аталады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Трамптың ұлы Eric Trump мәлімдеп, әуежайдың ресми логотипін таныстырды.
«Алғаш рет Флорида штатындағы Палм-Бичтегі Дональд Дж. Трамп халықаралық әуежайының РЕСМИ логотипін зор мақтанышпен ұсынамын. Бұл мәртебеге Дональд Трамптан артық лайық адам жоқ. Құттықтаймын, әке!» деді Эрик Трамп.
Ол сондай-ақ жақын уақытта ұшақтардың «DJT» атауымен қона бастайтынын айтты.
Бұған дейін Флорида губернаторы Рон Десантис әуежай атауын өзгерту туралы заңға қол қойған болатын. Құжат 1 шілдеден бастап күшіне енеді.