Freedom Inside '26

«Феминитаның» негізін қалаған Жанар Секербаеваны полиция алып кетті

«Феминитаның» негізін қалаған Жанар Секербаеваны полиция алып кетті
Фото: ашық дереккөз

«Феминита» ұйымының негізін қалаған Жанар Секербаеваны Алматыда полиция бөліміне алып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Секербаева жаттығу залынан алып кеткені хабарланды.

"Жанар Секербаева Алмалы аудандық полиция басқармасына жаттығу залынан әкетілді. Ол бұған дейін қонақүйге жасалған басып кіру оқиғасы бойынша түсініктеме жазғаны айтылуда. Алайда оған ешқандай шақырту қағазы берілмеген, оны жай ғана күштеп ұстап, бөлімшеге алып кетті, – делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті әзірге бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.