«EXPO-2017» көрмесінде бірқатар азаматтарға жеңілдік жасалмақ. Келер жылы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» көрмесінің билеттері сатылымға шыққаны көпшілікке мәлім. Сондай-ақ, жуырда белгілі болғандай, көрме барысында ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және 6 жасқа дейінгі балалар тегін кіретін болады.
Жеңілдіктер легі мұнымен шектеліп қалмайды. «EXPO-2017» ҰҚ» АҚ-да мәлім еткендей, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, студенттер мен оқушыларға арнайы жеңілдік билеттері қарастырылып отыр.
Айта кетсек, «EXPO-2017» көрмесіне билеттерді онлайн сату мақсатында ресми сайт жұмысын бастап, 10 маусымда алғашқы билеттер сатылымға шықты. Қазіргі таңда билеттерге 20-50% аралығында жеңілдік жасайтын промо акциялар да жүргізілуде.