Еуразиялық одақ: көршімен тату тұру керек

Dalanews 05 шіл. 2016 08:28 838

«Еуразия әлемі» пікір сайыс клубында «Еуразияның географиялық факторы: достық, тағдыр және даму» атты тақырыпта алқалы жиын өтті.
Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев: "жалпыгеографиялық жағдайлар мен ортақ шекаралар интеграцияның негізгі факторы болып табылады. Еуропалық одақ 19 елмен шекараласып жатыр. Ал Еуразиялық одақ 24 мемлекетпен шекараласады. Ең маңыздысы Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне қарағанда Еуразиялық одақтың демографиялық потенциалы Еуропадан қарағанда әлдеқайда жоғары.

Демек, уақыт өте келе Еуропада еңбек күшіне қатысты қиындықтар туындауы әбден мүмкін" деген пікір білдірді.
сарапшы Айдархан Құсайыновтың айтуынша қазіргі күні жаһандану тренді қалып барады, яғни, өндірісті көшіру, басқару жүйелері мен жаңа экономикалық тәсілдерді кіріктіру түсініктері ескіріп қалған.

"Олардың орнына керісінше жаңа ұғымдар келді. Көшбасшылық идеясы, бизнес процесстер, корпоративтік мәдениет түсініктері алдыңғы орынға шықты. Былайша айтқанда, материалдық құндылыққа жатпайтын ұғымдар сұранысқа ие болды" дейді Құсайынов.

Өз кезегінде журналист Сергей Козлов ғылыми-техникалық даму басталғалы беру географиялық факторға аса көңіл бөлінбей отыр деген пікір білдірді. "Шынтуайтында бұл фактор басты рөл атқарады. Дәлел керек болса, өткенге үңілейік" деді ол.

Ал шараны түйіндеген қоғам қайраткері Қазыбек Бейсебаевтың айтуынша, жалпы көршіні таңдамайтын сияқты, шекараны да таңдамайды. Сайып келгенде – мұны тағдыр деп атайды.

– Ал тағдырдан қашып құтыла алмасың белгілі. Осы себепті де көршімен тату тұру керек. Ал Қазақстанға келер болсақ, біз ел Қытай мен Ресей және Еуропамен шекаралас орналасқанбыз. Былайша айтқанда біз Еуразияның жүрегінде мемлекетпіз. Бұдан қорықпау керек. Негізінде біздің географиялық жағдайымыз экономикалық тұрғыдан алып қарастырғанда аса тиімді, – деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар