Ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген: сотта Айзат Жұманованың өліміне қатысты видео көрсетілді

Көркем Алдабергенова 19 жел. 2025 15:05

Сот отырысында Айзат Жұманованың аяусыз соққыдан кейін ауруханаға жеткізілген сәті түсірілген видеожазба көрсетілді,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кадрларда әйел адамның ес-түссіз күйде мүгедектер арбасымен медициналық мекемеге әкелінгені көрінеді. Видеода оның күйеуі мен енесі де жүргені көрсетіледі.

Тергеу дерегінше, оқиға 22 маусымға қараған түні болған. Айзаттың күйеуі Айбар Жанболат әйелін үйінің маңында қатыгездікпен соққыға жыққан деген күдік бар.

Оқиғадан кейін ер адам әйелін Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізген. Алайда Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Бұған дейін марқұмның туыстары Айзатты арқанмен байлап, далада сүйреткен болуы мүмкін деген болжам айтып, сондай-ақ оның жүкті болғанын жоққа шығармаған. Алайда прокурордың мәлімдеуінше, кешенді сот-медициналық сараптама нәтижесінде әйел денесінде атпен, көлікпен немесе адам күшімен сүйретуге тән іздер табылмаған.

Сонымен қатар, комиссия ұсынылған медициналық құжаттар мен қайта жасалған гистологиялық зерттеу қорытындылары бойынша жүктілік белгілерін анықтамаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар