Ерлікпен пара-пар еңбек

Dalanews 22 шіл. 2020 07:19 825

Елімізде биылғы оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап «ELARNA» және «БАЛАПАН» телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жұмысы жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша, оқушыларда өз бетімен тапсырмаларды орындау кезінде қиындықтар болмай қалған жоқ. Дегенмен, бұл сабақтар оқу министрі Асхат Аймағанбетов мырза тарапынан жоғары бағаланды, себебі осы сабақтарды жүргізген ұстаздар бұрын соңды болмаған қысқа мерзімде бұл сабақтарды әзірлеп, көпшілік назарына ұсына білді. Бұл әрине, ерлікпен пара-пар болды.

Келесі оқу жылында 1-тоқсан толықтай қашықтықтан оқумен басталмақ, себебі бұл қазіргі уақыт талабы, баланың, оқушының, халықтың денсаулығы. Мұны бәріміз де түсінеміз. Осы орайда, үнемі білім саласының дамуына белсенділікпен  өз үлесін қосып, Қазақстан халқы үшін, ұстаздар үшін талмай еңбектеніп келе жатқан «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының табанды еңбегін атап өтудің еш артықтығы жоқ деп есептеймін.

Маусым айынан бастап Өрлеуліктер курс сабақтарын өткізумен қатар жаңа оқу жылының дайындығына кірісіп кетті. Қашықтықтан оқытуды әдістемелік қолдау мақсатында Қазақстан бойынша барлық филиал оқытушылары пән мұғалімдерімен бірлесіп цифрлық сабақтар түсіруді бастады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ  үлесінде ағылшын тілі 8-11 сынып және химия 7-9 сынып сабақтарын әзірлеуде.

Химия пәні оқушылардың түсінуіне қиын деп айтады. Мұны кез келген адаммен сөйлескенде осы пәнді мектепте оқу маған қиынға соғушы еді деген пікірлерді естіп жүрміз. Сондықтан қашықтықтан оқу кезінде, онсыз да қиын пән деп есептелетін химияны, оқушылардың түсінуіне, қызығуына, сабақ оқу кезінде қиындықтар тумауына жағдай жасау міндеттелді.

1-тоқсан бойынша химия пәнінен 7-9 сыныптар аралығында екі тілде 74 сабақ түсіріледі. Осы сабақтарды түсіруде «алтын уақыттарын»  бөліп, еңбек демалысында жүрсе де «Ұстаздар үйімен» тығыз қарым-қатынаста еңбектеніп жатқан Алматы қаласының химия пәні мұғалімдерін атап өткеніміз орынды болар. Әсіресе, 9-сыныптар бойынша №61 мектептен Гайдук Сергей Николаевич пен «Арай» орталығынан Сейсенбаева Айгуль Сайлауовна, НЗМ-нен Әбеу Нұркелді, 8-сыныптар бойынша ТЭФМШ жекеменшік мектебінен Приходько Альбина Александровна мен №105 МГ Акимжанова Динара Сембаевна, №153МГ Мырзалимова Мукадас, №126 МЛ Ахтазина Бұлбұл, №164 Кинаятова Мархабат Советбекқызы, №100 мектептен Алдажарова Маржан Серикказиевна, 7-сыныптар бойынша №3 ЖББМ, Іле ауданы Калиева Анара Газизовналарды ерекше атап өткен жөн. Осындай ұстаздары бар мектептердің директорларына да алғысымыз шексіз. Еңбектеріңізге толағай табыстар мен зор денсаулық тілейміз!

А. Ракишева

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар