Ерлан Қарин вице-президентдікке кандидат ретінде ұсынылды

Ерлан Қарин вице-президентдікке кандидат ретінде ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды Dala News.

Қариннің кандидатурасы дүйсенбі күні Құрылтай отырысында қаралады.

Ерлан Қарин маусым айынан бері Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

Оған дейін, 2022 жылғы маусымнан бастап Мемлекеттік кеңесші болған. Ал 2022 жылғы қаңтардан бастап Мемлекеттік хатшы қызметін атқарған.