Ерекше балаларға қатысты даулы видео: сот блогерге шешім шығарды

Сағыныш Сардарова 02 жел. 2025 18:08

Астанада ерекше балаларға қатысты даулы видеодан кейін блогер ұсталып, оның ісі сотта қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысында О. кінәсін ішінара мойындаған: бейәдеп сөздер қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын жеткізген.

О. ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот қаулысымен О.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде блогер ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз сөздер айтқан видео тарады, ал полиция әкімшілік іс қозғады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар