Freedom Inside '26

Ерекше балаларға қатысты даулы видео: Астанада блогер ұсталды

Ерекше балаларға қатысты даулы видео: Астанада блогер ұсталды
видео кадры

Астанада ерекше балаларға қатысты даулы видеодан кейін блогер ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде блогер ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз сөздер айтқан видео тараған, ал полиция әкімшілік іс қозғады.

"Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді полиция.

Астана Полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертті.