Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды.
Мырзабосынов Туризм және спорт министрлігін алғаш рет 2024 жылғы қыркүйекте басқарған.
Оған дейін, 2023 жылдан бастап Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Ал 2021 жылдан бастап Астанадағы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.