Эр-Риядта АҚШ пен Ресей делегациялары арасында келіссөздер басталды

Кәмшат Тілеухан 24 нау. 2025 13:14 1014

Сауд Арабиясының астанасында АҚШ пен Ресей делегациялары арасында келіссөздер басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Эр-Риядта Украинадағы жағдай бойынша Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер басталды, деп хабарлайды ТАСС. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге жоспарланған болатын. Талқы The Ritz-Carlton қонақ үйінде жабық форматта өтеді. Журналистерден аумақтан кету сұралды.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолтц келіссөздерде тараптар атысты доғару, бітімгершілік, аумақтар тиесілігі бойынша заңдылық және т. б. мәселелерді талқылайтынын мәлімдеген.

Айта кетсек, бұған дейін -  23 наурызда Эр-Риядта АҚШ пен Украина келіссөздері  өтті. Тараптар бірқатар күрделі техникалық мәселелерді талқылауды жоспарлаған болатын.  Кездесу қорытындысы бойынша Украинаның Қорғаныс министрі Рүстем Умеров келіссөз нәтижелі және мақсатқа сай жүргізілгенін айтты. Келіссіөз барысында, негізгі мәселелер, соның ішінде энергетика жайы да қозғалған. Америка тарапы, әзірге бұл келіссөздерге қатысты пікір білдірген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар