Freedom Inside '26

ЕО заңсыз жүрген мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін

ЕО заңсыз жүрген мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін
Фото: inbusiness.kz

Еуропарламент заңсыз мигранттарды елдеріне қайтару тәртібін өзгертетін жаңа регламентті қолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес, Еуроодаққа мүше мемлекеттер енді мигранттарды тек шыққан еліне ғана емес, ЕО аумағынан тыс орналасқан арнайы орталықтарға да жібере алады.

Deutsche Welle мәліметінше, егер мигранттың туған елі оны қабылдаудан бас тартса, ол үшінші мемлекеттердегі арнайы "қайтару хабтарына" орналастырылуы мүмкін. Мұндай орталықтар Африка мемлекеттерімен бірге Қазақстан мен Өзбекстанда да ашылуы мүмкін.

Алайда әзірге бұл бастамаға қай мемлекеттердің нақты қатысатыны белгісіз. Қазақстан мен Өзбекстан билігі тарапынан мұндай орталықтарды өз аумағында орналастыруға дайын екені жөнінде ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Басылымның жазуынша, Еуроодақ мұндай әріптестікке келіскен елдерге экономикалық қолдау көрсетуі немесе виза режимін жеңілдету мәселесін қарастыруы мүмкін.