2026 жылдың маусымынан бастап Еуропалық одақта көші-қон саясатының жаңа ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңашылдықтарға сәйкес, одаққа мүше мемлекеттер екіжақты келісімдер негізінде заңсыз мигранттарды үшінші елдерге депортациялай алады.
Сондай-ақ ЕО "қауіпсіз шыққан елдер" тізімін бекітті. Бұл тізімге Үндістан, Мысыр, Марокко және Еуроодаққа үміткер мемлекеттердің басым бөлігі енді.
Осы елдерден келген азаматтарға босқын мәртебесін алу қиындай түседі. Енді олар өздеріне нақты қысым жасалғанын немесе өміріне тікелей қауіп төнгенін дәлелдейтін нақты әрі салмақты айғақ ұсынуы тиіс.
