Әлеуметтік желіде көлік жүргізушілерге қатысты жалған ақпарат тарап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ішкі істер министрлігі фейк ақпаратқа байланысты үндеу жасады.
"WhatsApp желісіндегі жүргізушілер енді барлық құжатты міндетті түрде бірге алып жүруі керек деген дауыс хабарламасы шындыққа жанаспайды. Расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөзге сенуге шақырамыз", - деді ІІМ өкілдері.

