Елорданың бірнеше ұстазы «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды

Dalanews 07 желт. 2023 08:58 377

«Үздік педагог – 2023» атағын беруге арналған республикалық конкурстың ІІІ кезеңінің қорытындысы бойынша Астананың бірнеше педагогы марапатталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог 2023» республикалық байқауының жеңімпаздары болып келесі елордалық педагогтер анықталды:

- Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ тәрбиешісі Иванова Елена Ивановна;

- Астана қаласының «№8 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Серіккүл Аббасқызы;

- Астана қаласындағы «№93 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даривхан Нұргүл;

- Астана қаласындағы «Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL-мектеп-лицейі» математика пәнінің мұғалімі Төлегенова Салтанат Жеңісханқызы;

- Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері Тұранов Серік Әбілдаұлы;

- Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері Халиди Күнсұлу Амантайқызы.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар