Соңғы уақыттары Астана қаласы әкімдігі жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қалдағы орын алып жатқан вандализмнің алдын алу және тәртіп бұзушылармен күрес жұмыстарын нығайту үшін бірқатар шаралар атқаруда. Өз кезегінде Dalanews.kz ақпараттық агенттігі бұл бағыттағы жұмыстарды кеңінен насихаттап, жат қылықтарды тоқтатуға өз үлесін қосып келеді.
Бұған дейін де қалада көптеген қоғамдық мүлікті бүлдіру әрекеттері анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қолданылған болатын. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері полиция елордадағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындарды арнайы бақылауға алып, бейнебақылау камералары арқылы қадағалады.
Осы бақылау нәтижесінде түрлі вандализм әрекеттеріне қатысы бар бірнеше адам анықталып, олар заңды түрде жазасын алған болатын. Бұл шаралар қаладағы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды рөл атқарғаны сөзсіз.
Таяуда астаналық құқық қорғаушылар жеке адамның мүлкіне зиян келтірген тағы бір вандалды ұстап, жауапкершілікке тартты. Айталық 22 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында 34 жастағы әйел адам Жансүгіров көшесі, 12 үйдің терезесін сындырып, мүлкін бүлдірген. Оның әрекеттерінен келтірілген шығын 36 145 теңгені құрады. Дәл осындай оқиға бірнеше күн өткен соң Мұхамедханов көшесі, 12 үйде орын алды. 39 жастағы ер адам пәтердің кіреберіс есігін әдейі зақымдаған.
Бүгінде қоғамдық тәртіп бұзушылардың екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Астана қаласы әкімдігі пен полиция департаменті бірлесіп, «Қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асырды. Аталымыш бағдарлама аясында қаланың әртүрлі аудандарына қосымша бейнебақылау камералары орнатылған болатын.
Бұдан басқа, қала тұрғындарымен кездесу барысында полиция қызметкерлері вандализм әрекеттеріне қарсы күресудің маңыздылығын түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық кездесулер өткізуді де дәстүрге айналдырды десек болады.
Қаладағы әлеуметтік нысандарға, саябақтарға және мәдени ескерткіштерге қорғау шаралары күшейтудің маңызы зор. Вандализм әрекеттеріне төзбеушілік таныту үшін халық арасында насихаттау жұмыстары күшейтіп, білім беру мекемелерінде тәртіпті сақтау жөнінде арнайы сабақтар өткізіп келеді.
Бұдан басқа Астанадағы қоғам белсенділері, еріктілер және студенттер де бұл іске өз үлестерін қосуда. Олар арнайы акцияларға қатысып, қалалық мүлікті қорғауға бағытталған іс-шараларға атсалысты. Мұндай бастамалар қала тұрғындары арасында қоғамдық мүлікке деген жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған.
Осы ретте елордада «Стоп, вандал» акциясы аясында Астанада күндізгі және түнгі рейдтер ұйымдастырылып, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау, қалалық мүлікке ұқыпты қарау маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Шараны ұйымдастыруға жауапты азаматта акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін тоқтатып, елордадағы тазалық пен тәртіпті сақтауды насихаттау екенін алға тартты. Жыл бойы өткен акцияға елордадағы еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қалаға жанашыр тұрғындар қатысқанын айта кетуіміз керек.
Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйнсек, жыл басынан бері сот 250 адамды бөтен мүлікті әдейі бүлдіргені, қоғамдық орындарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үйлерді зақымдағаны үшін жауапкершілікке тартты. Бүгінде вандалдардың бәрі жазасын алып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бас қалада вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура және полиция департаментімен үйлестіріліп жүргізуде.