Елорда шежіресі: Әлем назарындағы ЭКСПО

Dalanews 05 мау. 2023 17:59 966

Жаңа жұмыс орындары қала тіршілігінің күретамыры. Елордада 2016 жылдың екінші жартысында он тоғыз мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыссыздық деңгейі қала тарихындағы ең төменгі деңгейге - 4,6% дейін түсті. Бос орындар жәрмеңкесіон екі рет өткізіліп, Астананың жұмыссыз азаматтары,соның ішінде мүгедектер, әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуға нақты әрекет жасалды. Жұмысқа орналасуға кеңес беру және көмек көрсету үшін сауда үйлерінде жұмыспен қамту орталығының бес өкілдігі жұмыс істеді. Он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға күндізгі стационар ашылды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істей бастады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне бейімделуге бағытталған жол қиылыстары, жаяу жүргіншілерге арналған жарық модульдері, арнайы жол белгілері орнатылды. Бес жүзден астам автобус мүгедектерді қабылдау және шығарып салу үшін жабдықталып, мыңға тарта аялдама қоғамдық көліктерге бейімделді.
Жаңа балабақшалар ашылып, мектептің оқу бағдарламасын жетілдіру және жаңа саябақтар мен алаңдар салуды басты назарда ұсталды. Мектепке дейінгі тәрбие беру саласында 2016 жылы 3 мемлекеттік, 44 жекеменшік, 33 шағын орталық, жалпы саны 47 жаңа балабақша пайдалануға берілді. Оған жылдар бойы кезекте тұрған 46 мың баланы орналастырылды. Заманауи екі мектеп ашылды. Қазына қаржысының қысқаруына қарамастан оқушыларға берілетін тегін тамақ пен жол ақысы тоқтатылған жоқ.Астанада Smart мектеп жобасы іске қосылды. Қаладағы № 3, № 15 мектепте пилоттық режимде сәтті жүзеге асырылды. Жобаны барлық мектептерде іске асыру балалар қауіпсіздігінің мониторингі жүйесі, электронды кітапхана (бірыңғай деректер базасы, оқулықтардың орталықтандырылған шығарылымы), электронды күнделік және бірыңғай онлайн-есеп тәрізді модульдерді енгізуге бағытталды. Бұл қала мектептерін бірыңғай электрондық білім беру ортасына біріктіруге мүмкіндік берді. Барлық білім беру ұйымдарын, әр кеңсені кең жолақты Интернетке қосу жұмыстары басталды. Қала мектептерінде «Bilim Media Group» қазақстандық компаниясы дайындаған мыңнан астам мультимедиялық ресурстар қолданылды. Оның басшылығымен мектеп көліктерін енгізудің кешенді бағдарламасы жасалды. Соған сәйкес 2017 жылы маршруттар желісі бойынша қырық бес мамандандырылған автобус жүре бастады.Жиырмаға жуық колледжде әлеуметтік серіктестіктермен дуальды оқыту элементтері енгізіліп, тоғыз колледжде халықаралық оқу орындарымен меморандумдарға қол қойылды.
Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына да баса назар аударылды. 2016 жылы 14 мектепте аутизмі бар балаларға арналған инклюзивті білім беруге арналған 14 қолдау сыныптары және №3 психологиялық-педагогикалық түзету бөлмесін ашты. Науқастардың жекелеген санаттарын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 216 миллион теңге көлемінде тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтілді.2016 жылы 2 денсаулық сақтау нысаны- қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы мен 500 орындық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы аяқталды. 2016 жылы Астана қаласының жедел жәрдем қызметін дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған жоспары іске асырылды.
Қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді.Соған сай қалалық саябақты қайта құру және Сарыарқа ауданында жалпы ұзындығы 23,7 шақырым болатын 17 көшеде сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталды. «Арай» саябағына қосылған жасыл аймақ орнында «Отбасылық аллея» жобасы пайдалануға берілді. Сарыбұлақ өзенінің іргелес аумағын абаттандырылды. Жалпы, 2016 жылы Астана қаласында 29 838 ағаш отырғызылды. Елорданы «жасыл белдеуіне» 21 шақырым велосипед жолы төселінді. «Жасыл белдеу» аумағы қоян, қарсақ, түлкі, кекілік пен қырғауылдың мекенімен қатар, Астана тұрғындарының да демалыс аумағына айналды. Тұрғындарға қаланың қысқы суығы мен жазғы ыстығында қоғамдық көлік күту ыңғайлы болуы үшін 27 жабық павильон (жылы аялдамалар) орнатылды.Халықтың автобустардың тұрған жері мен бағыттары жайлы нақты уақыттағы мәліметтерді алуына қолайлы болу үшін «AstraBus» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жаңа құрылыс алаңдарын жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы 10,5 шақырым, тұрғын алаптарда 9,2 шақырым жаңажол салынды. 41,2 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2016 жыл Астана үшін жаңа табыстармен, оң өзгерістермен есте қалды. Елорда көптеген сала бойынша еліміздің көшбасшысы атанды. Шағын және орта бизнестің дамуы, жұмыссыздықтың алдын алу, экономиканың дамуы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Елорда екі мың он жетінші жылғы «ЭКСПО –2017» Халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастыра отырып, оныңАстананың дамуына тигізер зор әсерін тиімді пайдалана білді. Көрменің арқасында қаланың көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымына сан жағынан да, сапа жағынан да айтарлықтай серпіліс жасалды. Жаңа теміржол вокзалы, әуежайдың жаңа ғимараты ашылды. Электр желілері мен екі шағын станция, кәріз жүйесі салынды. Жаңа көшелерге жолдар төселді. Көрмені өткізу кезінде Астанаға бес миллионнан астам адам келді, қырық жеті жаңа мейрамхана мен отыз алты қонақ үй ашылды. Бір жылдың ішінде Астана әкімдігі бюджет қаржысына салған жеті тұрғын үй кешені бар рекордтық 2,36 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Астанада осы жылдары ЭКСПО тәжірибесіне сүйене отырып, құқық қорғау қызметі жаңа деңгейге көтерілді. Аулаларда және үйлердің кіреберістерінде пәтер иелері кооперативтері орнатқан бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Тек 2017 жылы бес жүзден астам осындай камералар орнатылды. Бейнебақылау көмегімен аулаларда екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, кіреберістерде камералар арқылы екі мыңдай заң бұзушылық тіркелді. 2017 жылдың қазан айында іске қосылған «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені жол қауіпсіздігін едәуір жақсартты. Бұл жобаны іске асыру жол-көлік оқиғаларының санын 18% төмендетуге мүмкіндік берді. Тұрғындар мен жүргізушілер өздерін қауіпсіз сезіне бастады. Қала бюджеті қомақты қаржы үнемдеді. Жаңашыл Астанада 2017 жылы халықтың пікірлері мен қажеттіліктеріне жауап беруінің біртұтас жүйесі - «iKomek» бақылау және жедел әрекет ету орталығы құрылды. Ол коммуникацияның барлық түрлері - 109 қалалық телефондар, Facebook-тегі топтар және Telegram-дағы чаттар, әлеуметтік желілерге мониторинг, электрондық пошта, Smart Astana мобильді қосымшасы қамтыды. Ол үшін 164 төтенше жағдайға қатысты арнайы жедел регламент жасалып, енгізілді. Нәтижесінде күн сайын қалалық қызметтерге баратын азаматтар саны алты мыңнан алты жүз адамға дейін азайды. Осы жылы жол жұмыстарының рекордтық көлемі жүзеге асырылып - 169 көше салынды және жөнделді. Жалпы ұзындығы 114,5 км жол төселді. Қоғамдық көлік бойынша 2017 жылы жаңартылған 23, жаңадан іске қосылған 14, оңтайландырылған 415 маршрут кестесі де өз нәтижесін берді. Азаматтар жеке автобустар желісі мен заманауи ақпараттық технологияларды енгізуді жоғары бағалады. Қоғамдық көлікті күту уақыты он төрттен сегіз минутқа дейін қысқарды. Автобус паркін жаңарту бойынша маршруттардағы жаңа автобустар саны 70% жетті. Жолдан 200-ден астам ескі автобустар шығарылды. Бірақ тариф өзгеріссіз, 90 теңге деңгейінде қалды.
Осы жылдары қаланың иделогогиялық жұмысына да жеткілікті көңіл бөлді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, бір жылдың ішінде екі жүздей іс-шара өткен екен. Оның ішінде, «Тәрбие және білім» бағытында жастардың әлеуметтік, шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған «Жастар энергиясы» жазғы лагері, «Astana Vine fest» фестивалі, жас ақындар айтысы, басқа да көптеген акциялар ұйымдастырды. Елордада тұңғыш рет «Ғылым», «Ерлігі үшін», «Шығармашылық және өнер», «Журналистика», «Үздік мемлекеттік қызметкер», «Жас кәсіпкер», «Театр және кино» және басқа да номинациялар бойынша үздік жастарды анықтайтын «Астана дарыны–2017» сыйлығы тағайындалды. Шығармашыл жастардың «Елімнің жүрегі – Астана» атты кітабы жарық көрді. Заманауи ақпараттық технологияларды, соның ішінде жедел Интернетті пайдаланып, көркем, ғылыми әдебиеттерді оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Astana Bilim Land» және «Bookdating» жобалары жүзеге асырылды. Елорданың 27 аялдамасында арнайы сандық тақта орнатылды. Онда кез келген адам QR-код арқылы қазақ және әлем жазушыларының қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі электрондық кітаптарымен таныса алды. «Рухани қазына» бағыты бойынша, «Астананың киелі жерлер картасы» жасалды. Оған Елорда тарихында маңызды орын алатын «Бозоқ» қалашығы, «Қараөткел» зираты, «АЛЖИР» тәрізді мемориалды кешені бар 20 нысан енгізілді. «Астананың киелі жерлері» атты кітап жарық көрді. «АЛЖИР», «Сәкен Сейфуллин» атындағы мұражайларда және Бәйтерек кешенінде қор толықтыру, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Сол жаңартудың арқасында бұл нысандарды 2017 жылы алты жүз мың адам тамашалады. Сонымен қатар, «Бозоқ» қалашығына белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және Елорда жастарының қатысуымен ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. «Рухани қазына» бағыты аясында сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Одан бөлек, «Туған жер», «Атамекен» бағытында бірқатар ұлттық компания, іргелі кәсіпкерлер «Меценаттар тобына» кіріп, қаланың инфрақұрылымдық, әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім салаларына қажетті нысандарды салуға, жөндеуге, мектеп, балабақшаларды жаңа қондырғылармен толықтыруға атсалысып, қайырымдылық шараларын атқарды.
2018 жылы Астананың 20 жылдық мерейтойы басты назарда болды. Десек те, «қала мен оның экономикасы, ең алдымен, адамдар» қағидаты халықты әлеуметтік қорғау мәселесін күн тәртібінен түсірген жоқ. iKomek қызметі арқылы қала тұрғындарының тыныс-тіршілігінен толық хабардар болып отырды. 2018 жылы аталған қызмет арқылы тұрғындардан бір миллиондай хат түсіп, оның бәрі дерлік назарға алынды. Бұл жылы қол жетімді баспана, атап айтқанда, «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1419 пәтер қолданысқа берілсе, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1875 отбасы 27 миллиард теңгеге несие алды. Колледж студенттері үшін тұрғын үй мәселесі жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыс арқылы жатақханаларға орналастыру арқылы толығымен шешілді. Бұл ғимараттар құрылысын үнемдеуге және дайын инфрақұрылымды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Орта білім беру бойынша 2018 жылы төрт жаңа мектеп және балалардың бос уақыты үшін мектептерде «Қоғамдастық» деп аталатын төрт үздіксіз білім беру орталығы (біреуі балалар үйінде) ашылды. Біреуі сегіз жүз балаға дейін қамтитын мұндай орталықта балалар робототехникадан хореографияға, STEM зертханаларынан шахматқа және спорт секцияларына дейін көптеген үйірмеге қатысуға мүмкіндік алды. Үйірмелері мен секциялары тегін бұл орталықтар азаматтар мен көп балалы отбасылар үшін нақты қолдау болды. Сонымен қатар, тағы бір жоба - көпбалалы отбасылар мен азаматтардың жеңілдетілген санаттарына арналған ұзартылған күндік топтар қайта жанданды. Ерекше балалардың білім үшін оларға 77 мектеп, 13 балабақша, 4 колледжде жағдай жасалды. Денсаулық саласында Астанада үшінші инсульт орталығы, бақылау бөлімшесі, шала туған сәбилер өмірге бейімдейтін орындар ашылды. Сонымен қатар бағдаршамдар жедел жәрдем көліктерінің дабылы бойынша реттестіру, тәжірибелік «денсаулық білезіктері» шығару, азаматтарға электронды денсаулық паспорты берілу, «Smart Astana» арқылы дәрігерді қабылдау және үйге қоңырау шалу инновациясы жүзеге асырылды. Ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды қолданысқа енгізу бойынша бұл жылы қалада бір-бірімен синхрондалған алты мың камера орнатылып, жұмыс істеді. Соның арқасында Астана аулаларында қылмыс екі есе, ал «Сергектің» арқасында жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім екі есеге азайды. Қаладағы қоғамдық көлік бойынша қала басшылығы 2018 жылы төрт жаңа және қала орталығын шет аймақтарымен байланыстыратын жиырма тікелей маршрут ашты. Бұл кездерде қалалық автобустар паркі 70% жаңартылды. Бұдан бөлек 2018 жылы Астанада бюджет пен мемлекет және жекеменшік әріптестігі есебінен жетпіс төрт жылы аялдама орнатылды. Қоғамдық көліктерге ақы төлеу мақсатында енгізілген көлік карталары жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол жолаушылар тасымалындағы 30% ақшаны көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Электоронды төлемнің енгізілуі азаматтардың күн сайынғы бағыттарын түсінуге және көлік жүйесінің нақты экономикалық моделін болжауға, маршруттарды оңтайландыру мен сәулеттік шешімдерді саяси орталықтылық қағидаты негізінде қабылдауға мүмкіндік берді. Инновациялар бойынша қолға алынған, қоғамдық көліктер мен таксилерге арналған жолдар арқылы тұрғындар баратын жеріне жылдам жету үшін автобуспен жүру керек екенін түсінді.
2018 жылы қала бюджетіне 1 триллионнан астам инвестиция құйылды. Бұл Елорда үшін тарихи рекордтық көрсеткіш еді. Астананың шетелдіктер үшін тартымды бола бастағаны соншалық, жалпы инвестицияның төрттен бір бөлігі шетелдік инвесторлардың үлесіне тиді.
Осы жылдары Астана әкімдігінде не істелінді? Жоғарыда баяндалған жайттардан басқа қысқа-нұсқа ғана мына бір деректерге де назар аударсақ. Астанада бейнебақылау камералары «іске кірісті». Футуристік балық көпірі ашылды. Ескі және ескірген ғимараттардың орнына алаңдар мен саябақтар, таза көгалдармен серуендеу алаңдары, жайлы орындықтар мен тартымды мүсіндер пайда болды. Тұрғындар наразылықтарын жазбаша түрде білдіре алатын, проблемалар туралы сөйлесе алатын қалалық шешімдер бюросы құрылды. Сапасы әлдеқайда жоғары жаңа жолдар салынды. Елордалық барлық мектепте робототехника кабинеттері пайдалануға берілді. Әкімдіктегілер қарамағындағылармен бірге қымбат қызмет көлігінен түсіп, таксиге отырып, сол арқылы бюджеттің миллиондары үнемделді.
Айhаным Болатбекқызы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар