Еліміздегі ірі компания қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл арқалады

Қаракөз Амантай 22 сәу. 2025 13:02 192

“Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг” компаниясы қоршаған ортаны ластағаны үшін 739,5 миллион теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысының арнайы табиғат қорғау прокуратурасы компанияның шекті мөлшерден асқан зиянды заттарды ауаға шығарып, суға төккенін анықтаған. Барлығы 264 тоннадан астам ластаушы зат тіркелген.

Аталған құқықбұзушылық үшін кәсіпорын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабы бойынша 739,5 миллион теңге көлемінде айыппұлға тартылды. Прокуратураның мәліметінше, бұл сома толық көлемде өндірілді.

Қарашығанақ — әлемдегі ірі газ-конденсат кен орындарының бірі. Ол Қазақстанның батысында орналасқан, аумағы 280 шаршы шақырымнан асады. Кен орнының қоры — 2,4 миллиард баррельден астам конденсат пен 16 триллион текше метр газ. Жобаны бес ірі компания — Eni, Shell, Chevron, ЛУКОЙЛ және ҚазМұнайГаз бірлесіп жүзеге асырып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар