Бүгін, 17 мамырда түнде eGov.kz, e-Otinish, e-license және басқа да мемлекеттік қызметтер порталдарында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс техникалық жүргізілетінін хабарлаймыз. Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 17 мамыр сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі", делінген eGov.kz хабарламасында.
Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектелді:
- eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы сервистері;
- "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
- Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
"Осыған байланысты, барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынамыз. Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз", делінеді хабарламада.
Бұған дейін сайтымызда "2GIS Қазақстанда бизнес жүргізудің басты қағидасын бұзды - танымал журналист" деген мақала жарияланған болатын.