Freedom Inside '26

Айман Талғатқызы неге бренд киім кимейтінін түсіндірді

Айман Талғатқызы неге бренд киім кимейтінін түсіндірді
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне айтылған сынға жауап берді. Ол бренд киімге қатысты көзқарасын ашық білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған желі қолданушыларының бірінің пікірі себеп болған. Оқырман Айман Талғатқызының киім үлгісін сынап, "үстіңізден брендтің біреуін көрмедім, базар ғой" деп жазған.

Айман Талғатқызы бұл пікірге сабырмен жауап беріп, адам міндетті түрде қымбат бренд киюі керек деген түсінікпен келіспейтінін айтты.

"Енді кәдімгі адам емеспіз бе? Неге бренд киюім керек? Дым көрмегендей брендтің бәрін жапсыра алмайды екенмін. Маған ол мақтаныш немесе дәреже емес", – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол адамның стилі киімнің бағасымен немесе танымал белгісімен ғана өлшенбейтінін жеткізді. Айман Талғатқызының сөзінше, ең бастысы – киімнің жарасуы, жинақылық және адамның өз талғамы.

"Бренд шығаратындардың өзі сол брендті кимейтінін білесіз бе? Бүтін киетін киім мен талғам болса, сол бренд. Сен не кисең де үйлесе кетсе, демек, сен брендсің!" – деді ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі оның бұл жауабын қолдап, қарапайымдылық пен талғам қымбат киімнен маңызды екенін жазды.