Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасының қолында өскен Жәнібек туған анасын іздеуді әлі де жалғастырып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ізденіс өзі үшін аса маңызды әрі оңай емес процесс екенін жазды. Жәнібектің айтуынша, туған анасын табу жолында оған жанашыр азаматтар мен заңгерлер көмектесіп келеді.
Соңғы уақытта іздеуге үміт сыйлайтын жаңа деректер де пайда болған. Дегенмен Жәнібек бұл істің қанша уақытқа созылатынын нақты білмейтінін, бірақ жақсы жаңалықтан үміт үзбейтінін айтты.
"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және басқа да жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеу қанша уақытқа созылатынын білмеймін. Мүмкін ұзаққа созылар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше дерек кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.
Оның бұл жазбасы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік Жәнібекке туған анасын тезірек табуын тілеп, қолдау білдірді.