Қызылорда қаласында хабар-ошарсыз кеткен алты жасар Медина Мұратбекқызын іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. Құтқарушылар бүлдіршіннің денесін Сырдария өзенінен тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Іздеу-құтқару шаралары екі күнге созылған. Баланы аман-есен табу үшін құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, құтқарушылар және арнайы техника жұмылдырылды.
Еске салайық, Медина 5 маусым күні кешкі сағат 18:30 шамасында Сырдария өзенінің маңында орналасқан "Рисмаш" шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жедел қызметтердің іздеу жұмыстарына қарамастан, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.