Билік несие беруде жастар мен зейнеткерлерді қорғау үшін заң нормаларын күшейтпек. Осы мақсатта микро несие саласында тәртіп орнату туралы шешім қабылданды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер үшін де, микроқаржы ұйымдары үшін де ережелерді қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жоба қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" порталына 2025 жылғы 18 шілдеге дейін орналастырылды.
Заңдағы жаңашылдықтар мынандай:
- Банк алдына бармай, несие берілмейді. Егер бірінші рет 150 АЕК-тен (шамамен 690 мың теңге) артық несие алғаы отырсаңыз, онда онлайн несие рәсімдей алмайсыз. Мұндайда банк немесе микро кредит беруші кеңсеге баруыңыз керек болады.
- Жас және қарт адамдар үшін ерекше жағдайлар. 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар енді несие алмас бұрын жеке келісімге қол қоюы керек болады. Бұл кейіннен өздерінің неге келісім бергенін білмей қалғандарын айтпасы үшін жасалады.
- Ойлануға уақыт беріледі. Кепілсіз ірі онлайн-несие рәсімделген жағдайда, ақша бірден шотқа келіп түспейді. Тек бір күннен кейін және мысалы, eGov арқылы өз шешіміңізді растаған соң несие ақша беріледі. Бұл импульсивті шешімдерді болдырмауға көмектеседі.
- Асыра қарызданудан қорғау. Егер бір күн ішінде адам 150 АЕК-тен асатын сомаға бірнеше шағын несие тіркетсе, жүйе одан әрі несие беруді баяулатып, оны уақытша тоқтатуы керек.
- Омбудсмендер үшін қазақ тілін білу міндеттеледі. Жаңа талаптың бірі - қазақ тілін B2 деңгейінде білу. Онсыз банкте немесе МҚҰ-да жұмыс істеу мүмкін болмайды.
Билік аталған жаңа ережелер адамдарға үйде отырып, тетікті бірнеше рет басу арқылы қарызға басымен кіріп кетпеуіне көмектеседі деген сенімде.