Елімізде мұнай жеткізуге қатысты ереже өзгереді

Dalanews 17 мау. 2024 10:56 3613

Қазақстанда мұнай жеткізуге қатысты ережелер өзгертіледі. Энергетика министрі осындай жобаны «Ашық НҚА» сайтына жариялады.

Құжатқа сәйкес, 2018 жылы жасалған мұнай жеткізу кестесін жасайтын ережелерге біршама өзгеріс керек. Атап айтқанда, кестені жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері (егер болса), мұнай өңдеу жоспарлары мен қайта өңдеу өнімдері, сондай-ақ мұнай тасымалдау ұйымдарының техникалық мүмкіндіктері, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарында көзделген мұнай өндіру көлеміне қарай әзірлеу ұсынылып отыр.

Келесі бір бөлімдегі өзгеріс мынадай: жер қойнауын пайдаланушылар есепті алдыңғы айдың бесінші күніне дейін көмірсутек саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы мұнай жеткізуге өтінім береді. Егер өтінім бермесе, орган кестеге енгізуге жататын мұнай көлемін өзі айқындайды.

Бұйрық жобасына түсіндірме жазбада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 130-бабының 1-тармағына сәйкес, ішкі нарықтың қажетін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар кестеге сәйкес Қазақстан аумағында қайта өңдеу үшін, ал мұнай өңдеу зауыты апатқа байланысты тоқтаған жағдайда болатыны көрсетілген. Кесте көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен қалыптастырылады.

Құжат 18 маусымға дейін талқыланады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар