Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі қылмыс деңгейі 11 пайызға төмендеген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Адам өлтіру, қарақшылық, тонау, қорқытып алу, ұрлық және көшелерде жасалатын қылмыстар азайған.
"Кибернадзор" жүйесі есірткі насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, соның ішінде 6 мыңнан аса есірткі дүкенін бұғаттады. Прокуратура мен полиция органдарының өзара іс-қимылы нәтижесінде 464 мыңнан аса дропперлік шот бұғатталып, есірткіден түскен 2,6 млрд теңгеден аса кіріске тыйым салынды", - деді ол.
Құқық қорғау органдары және "Қазақтелеком" АҚ-ның бірлескен күш-жігерінің арқасында миллионнан аса күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленген.