Елдегі ең танымал банк клиенттеріне ақша қайтарып жатыр

Елдегі ең танымал банк клиенттеріне ақша қайтарып жатыр
Depositphotos.kz

Шетелде төлем жасағаннан кейін кейбір клиенттердің шотына ақша қайтуы байқалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Kaspi.kz пайдаланушылары шетел валютасымен төлем жасаған соң шотқа аздаған сома қайта түсетінін байқаған. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр.

«Сіз шетел валютасында төлем жасағанда, алдымен сома бір курс бойынша уақытша бұғатталады. Ал нақты есептен шығару бірнеше күннен кейін – операция расталған сәттегі нақты курс бойынша жүргізіледі. Егер осы уақыт аралығында курс төмендесе, айырмашылық шотқа қайтарылады. Ал өссе – түпкілікті есептен шығару көбірек болуы мүмкін», – деп түсіндірді Kaspi.kz.

Осылайша, шотқа қайтқан қаражат бонус емес, валюта бағамының айырмасынан қалыптасады. Сондықтан кейбір клиенттерге ақша қайтарылса, басқаларында керісінше артық есептен шығуы мүмкін.

Банк өкілдерінің айтуынша, бұл – халықаралық төлемдердегі стандартты тәжірибе.