Елбасы ортақ валюта енгiзудi ұсынды

Dalanews 17 мау. 2017 02:56 850

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Х Астана экономикалық форумының жалпы отырысында әлемдік бірыңғай валюта әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.
– Бүгiнгi таңда әлемдік қаржы архитектурасын трансформациялау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық есептік төлем бірлігін енгізу мәселесіне байыппен қарайтын уақыт келдi. Ол әлемді валюталық соғыстардан, алаяқтықтан арылуға, сауда қарым-қатынастарында қателіктерден құтылуға, нарықтағы құбылмалы жағдайды төмендетуге мүмкіндік береді. Валюта қарапайым, пайдаланушыға бағынышты болуы тиіс. Технологиялардың дамуын, цифрландыруды ескере отырып, криптовалюта түріндегі есептік бірлікті құруға да болар еді. Бұл валюта бүкіл әлемдегі қолданушылар тарапынан қабылдануы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл іске тек қана G20 емес, одан да көп мемлекеттер қатысуы үшiн G-Global-ға ұсыныс жасадық дейдi.

Елбасының айтуынша, жаһандық валютаны Орталық банктердің пулын құру жолымен, мәселен, БҰҰ жанынан арнайы комитет құру арқылы енгізуге болады.

– Сондай-ақ, барлық елдің тең құқылы, әділ өкілдігі болуы тиіс. Бізге оны айтып қана қоймай, шешу қажет, – деп түйiндедi Назарбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар