Ел азаматтарының төрттен үш бөлігі 33 жыл ішінде отбасында болған өзгерістерді оң бағалаған – сарапшы

Жарбол Кентұлы 14 қар. 2024 10:37 891

Конфуцийдің «Өзгергемелі заманда өмір сүруден құдай сақтасын» деген атақты сөзіне қазақтың «Құбылған заманның каhaрманы бола білу керек» деген тілегі белгілі дәрежеде сәйкес келеді. Дегенмен, қазақстандықтар тәуелсіздік алғаннан бері ең күрделі әлеуметтік-экономикалық сынақтар мен түбегейлі мәдени және саяси өзгерістерге тап болды. Бұл өзгерістер әрбір қазақстандық азаматқа да, әрбір қазақстандық отбасыға да әсер етті.

Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде әлеуметтік дамуды сыни көзқараста қабылдау белең алып келеді, адамдар бүгінгі күнге де, өткен күнге де теріс баға беріп отыр. Жалпы алғанда адамдар өмірдің жақсарғаны үшін үкіметтерге алғыс білдіруге бейім емес, бірақ кемшіліктер үшін  жауапкершілікті үкіметке артады. 

Сауалнамада респонденттерден мемлекеттің экономикалық жетістіктері мен оның саясатын емес, өз отбасындағы өзгерістерді бағалауды сұрадық. Мемлекеттің жаһандық мега-институтының микрокосмы ретіндегі отбасы оның нақты кейпін білдіреді.

Осы тұрғыдан алғанда, халықтың отбасы деңгейіндегі өзгерістерді бағалауы қоғамның ұзақ мерзімді перспективада болып жатқан өзгерістерді қалай түйсінетінін және қабылдайтынын түсінуге мүмкіндік береді. 33 жыл ішінде өз отбасындағы өзгерістерді бағалау мәселесі өте күрделі мәселе екені анық, ал осы уақыт аралығындағы көптеген отбасылардағы оқиғалар екіұшты сипатта болды.

Өңірлік мониторингте біз респонденттерге 1991 жылдан бері отбасында болған өзгерістерді, Тәуелсіздіктің басынан бері отбасындағы өзгерістерді бес бағыт бойынша бағалауды сұрадық:

– Жалпы өмір

– Тұратын қаласындағы/ауылындағы өмір

– Отбасылық қатынастар

– Табыс

– Денсаулық.

Мәліметтер көрсеткендей, қазақстандықтардың төрттен үш бөлігі 33 жыл ішінде отбасында болған өзгерістерге оң баға береді. Ең оптимистік баға, біріншіден, жалпы өмірге; екіншіден, отбасылық табыстың, сондай-ақ тұратын қаласындағы/ауылындағы өмірдегі өзгерістер. Бір қызығы, кірістердегі өзгерістер ең жақсы бағаланады – респонденттердің 17,2% «әлдеқайда жақсарды», 54,7% – «жақсарды» деп атап өтті.

Қазақстандықтардың бестен бір бөлігі 1991 жылдан бері отбасында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ деп есептейді.

Жоғарыдағы суретте көрініп тұрғандай, пессимизм денсаулыққа байланысты өзгерістерді бағалауда айқын көрінеді. Осылайша, әйелдер ерлермен салыстырғанда денсаулықты, отбасын, қарым-қатынасты және жалпы өмірді бағалауда көбінесе пессимистік ой білдірген. Білім деңгейі неғұрлым төмен болған сайын, бес саладағы және әсіресе отбасындағы өзгерістерге соғұрлым пессимистік баға беріледі. Қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда барлық бес бағыт бойынша өзгерістерге пессимистік көзқараспен қарайды.

Сонымен, қазақстандықтардың төрттен үші 33 жыл ішінде отбасында болған өзгерістерді оң бағалайды. Психологиялық жағдайы жақсы адамдардың өмірдің ұзақ кезеңдерінде болып жатқан оқиғаларды оптимистік тұрғыдан қабылдауға және өмірдің әртүрлі салаларындағы жалпыламаларға байланысты сенімділік танытатын тұрақты өмір ретінде анықтауға бейімділігі түсінікті. Әр адамның, әлеуметтік топтың жақсылық туралы, берекелі өмір туралы өзіндік ойлары бар. Әлеуметтануда адамның әл-ауқаты табыс деңгейімен ең тығыз байланыста деп есептейміз, әл-ауқаты жоғары респонденттер оны төмендетеді, ал табысы төмен адамдар асыра бағалауға бейім.

Елдегі өмір сүру деңгейі туралы ресми статистика не дейді, қарап көрейік. Халықтың ақшалай табыстары туралы мәліметтері өмір сүру деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып саналады. Ресми статистикаға сәйкес, соңғы 23 жылдағы қазақстандықтардың номиналды және нақты ақшалай кірістерінің динамикасы өсу тенденциясымен сипатталады, бұл графиктен көрініп тұр. Айта кететіні, ақшалай кіріс құрылымында әлеуметтік төлемдердің маңызының артқан.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде дамудың прогрессивті перспективаларына адамдардың сенімі ретіндегі қоғамдық оптимизмге үлкен қажеттілік бар. Қоғамның әлеуметтік негіздерін тұрақтандыру және қазақстандықтардың өмір сүру сапасының артуы, қоғамдағы әлеуметтік келісім мен тәртіптің сақталуы көптеген факторларға байланысты, мұнда іскерлік белсенділік ресурсы ретіндегі әлеуметтік оптимизм ерекше рөл атқарады.

 

*Әлеуметтанулық сауалнама 2024 жылдың 11 мамыры мен 22 маусымы аралығында ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

 

Айгүл Забирова, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар