Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Сағыныш Сардарова 18 нау. 2025 16:26 293

Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья С.Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру аяқталды.  

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесемін деген сылтаумен, алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден аса сомадағы қаражатын қолды қылған.  

"Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. Ол сот шешімдерін белгілі бір адамдардың пайдасына шығаруға көмектескен.

29 сәуірде Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар