Экологиялық апат: Бразилиялықтар тау-кен компаниясынан 47 млрд доллар өтемақы талап етуде

Кәмшат Тілеухан 21 қаз. 2024 15:06 2852

Бүгін Лондонның Жоғарғы сотында Бразилия тарихындағы ең үлкен экологиялық апатқа түрткі BHP тау-кен компаниясына қарсы сот отырысы басталады. Аталған компаниядан 600 мыңнан астам бразилиялықпен қатар, 46 жергілікті әкімшілік орын және 2 000-ға жуық кәсіпорын 47 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ffin.kz мәліметінше, табиғи апат Бразилияның оңтүстік-шығысында орналасқан BHP және Vale, Samarco бірлескен кәсіпорындарына тиесілі бөгетте болды.

Мариан бөгеті тау-кен қалдықтарын ұстап тұрған. Ол жарылғанда улы су 19 адамның өмірін қиды, мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды, ормандарды, байырғы ұлт - кренак тайпасы үшін қасиетті Доси өзенін ластады. Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы BHP сотта өз жауапкершілігін орындап тастағанын айтып, бет қаратпауда. Компания 2016 жылы құрылған Renova қоры арқылы зардап шеккендерге шамамен 8 миллиард доллар төленгенін мәлімдеді.

Өткен аптада BHP, Vale және Samarco компаниялары Бразилия үкіметімен 30 миллиард долларға жуық өтемақы жайында келіссөздер жүргізіп жатқандарын хабарлаған болатын.  Алайда, талап қоюшылардың заңгерлері тек ағылшын соты талабы BHP-ді жауапқа тарта алады деп мәлімдейді. Лондондағы сот тыңдалымы  12 аптаға дейін созылады деп күтілуде.

Айта кетсек, BHP Billiton," Bee-eich-Pee Billiton " әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы. Бас штаб-пәтері Мельбурнде (Австралия), тағы біреуі Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан. Айналысатын негізгі бағыттары мұнай және газ (оның ішінде тақтатас), мыс, темір және көмір кендерін өндіру болып табылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар