Дзюдо федерациясы Серік Сәпиевке қатысты жанжалға түсініктеме берді

Көркем Алдабергенова 23 қаң. 2026 16:41

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Серік Сәпиевтің орынбасарымен арадағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, жанжал тұрмыстық немесе жеке себептермен емес, тек қызметтік мәселелерге байланысты туындаған.

Айдар Махметовтың сөзінше, ол Серік Сәпиевтің өзімен сөйлескен.

«Мен қазір ғана Серік Сәпиевпен сөйлестім. Оның орынбасары Есімхановпен арадағы түсініспеушілік тек жұмыс барысындағы мәселелерден, нақтырақ айтқанда қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартуына байланысты шыққан», – деді федерация директоры.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желі мен бірқатар ақпарат көздерінде тараған дене күшін қолдану туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қандай да бір физикалық қақтығыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарынан мұндай қауесеттерді таратпауды сұраймыз», – деп мәлімдеді Айдар Махметов.

Федерация өкілінің айтуынша, қазіргі таңда жағдай толық реттелген.

«Қазір мәселе толық шешілді. Тараптар өзара түсіністікке келді, жанжал толығымен аяқталды», – деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove