Еуропа мен Орталық Азиядағы экономикалық өсім баяулады, бірақ жаһандық және аймақтық мәселелердің шиеленісіне қарамастан өңір өз тұрақтылығын жоғалтпаған. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің "Жұмыспен қамту және әл-ауқат" атты Еуропа мен Орталық Азияның экономикасы туралы баяндамасында айтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылы 5,5%, 2026 жылы 4,5% және 2027 жылы 3,9%-ды құрайды деп болжайды.
Сарапшылар 2025 жылы аймақтың ЖІӨ өсімінің қарқыны 2,4% болуы мүмкін екенін айтады, яғни 2024 жылы тіркелген 3,7% деңгейінен төмендейді. Бұл, ең алдымен, Ресей Федерациясының экономикалық өсімінің әлсіреуіне байланысты болмақ. Үлесі шамамен осы аймақтағы өндіріс көлемінің 40%-ын құрайтын Ресейді есепке алмасақ, онда керісінше барлығы іс жүзінде өзгеріссіз қалады және ағымдағы жылы да, келесі жылы да шамамен 3,3% болады.
"Өңірдің дамушы экономикалары жұмыспен қамтудың жоғары өсімі үшін батыл реформалар жүргізуі тиіс. Елдерге жеке секторды нығайтып, білім беру сапасын арттырып, жеке капиталды тартумен қатар халықаралық, өңірлік және ішкі деңгейлерде тығыз байланыс орнатуы қажет. Өңірдің міндеті - жұмыспен қамту нарығын кеңейту және жалақысы төмен жұмыс орындарын сапалы жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне айналдыру", - дейді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассани.
Көбірек жұмыс орындарын құру және олардың сапасын арттыру үшін елдер адами капитал және инфрақұрылым сынды қажетті жұмыспен қамту негіздеріне бағытталатын инвестицияларды ұлғайтуы тиіс. Сонымен қатар, әсіресе кәсіби және жоғары білім сапасын арттыру керек. Осы уақытқа дейін еңбекке қабілетті халық санының азаюы мәселесін шешуде аймақтағы әйелдер мен жастардың әлеуеті толық пайдаланылмай келеді. Соңғы онжылдықтарда аймақта айтарлықтай жұмыс орындары құрылды, алайда экономикалық өсімнің баяулауы, өнімділік тұрғысынан артта қалу және реформалардың баяу жүруі еңбек нарығындағы проблемаларды шиеленістіре түсуде. Соңғы 15 жылда Еуропа және ОА елдерінде жұмыспен қамту 12% - ға өсті, әсіресе қызмет көрсету секторында, ол қазір барлық жұмысшылардың жартысынан көбін қамтамасыз етеді. Баяндама авторлары жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің басым бөлігі жалақысы мардымсыз, әлеуеті шектеулі, біліктілігі төмен жұмыс орындарымен салыстырмалы түрде байланысты деген тұжырымды келтіреді.
Қолайсыз демографиялық факторлар еңбек нарығының тұрақтылығына қауіп төндіреді: болжамдарға сәйкес, алдағы онжылдықтарда еңбекке қабілетті жастағы халық саны 17 миллион адамға қысқарады және бұл құбылыс, негізінен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде, сондай-ақ Балқанның батыс елдерінде. Ал Орталық Азия елдерінде және Түркияда еңбекке қабілеттілер саны ұлғаяды, сөйтіп еңбек нарығына қысым жасайды. Еуропа мен ОА елдерінің әлеуеті өз қызметінің ауқымын сирек кеңейтетін шағын бизнеске иелік ету, жеткілікті деңгейде дамымаған несиелеу және венчурлық капитал нарықтары, білім беру және кәсіптік даярлықтың тиімсіз жүйесі, бәсекелестіктің төмен деңгейі және кәсіпкерлік қарқыны мен нарық тиімділігін төмендететін мемлекеттік кәсіпорындардың болуы сынды құрылымдық кедергілерді шектейді.
Айта кетсек, Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылға арналған болжамында 4,9% - дан 5,3% - ға дейін, ал 2026 жылға-4,1% - дан 4,3% - ға дейін арттыру тұрғысында қайта қараған.
2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5% болды.