Дубайға жұмыс істеуге кетіп, өмір бойына сотталған: БАӘ-де қазақстандыққа қандай айып тағылғаны белгілі болды

Дубайға жұмыс істеуге кетіп, өмір бойына сотталған: БАӘ-де қазақстандыққа қандай айып тағылғаны белгілі болды
ашық дереккөз

БАӘ-де өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандыққа бірнеше ауыр айып тағылған. Сыртқы істер министрлігі өкілі істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, Дубай соты 18 наурызда Қазақстан азаматын кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру және айыппұл төлеу жазасына кескен.

СІМ дерегінше, қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс 2025 жылы қозғалған. Оған адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу баптары бойынша айып тағылған. Қазір үкімге апелляциялық шағым берілгендіктен, сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Бұған дейін жігіттің туыстары оның кінәсіз екеніне сенетінін айтқан еді. Жігіттің жақындарының сөзінше, ол 2024 жылы күзде БАӘ-ге жұмыс істеуге кетіп, жүргізуші болып еңбек еткен. Анасы ұлына жала жабылған болуы мүмкін деп есептейді.