ДСМ Марат Жыланбаевтың жағдайына қатысты түсініктеме беруден бас тартты

Көркем Алдабергенова 27 там. 2025 16:11

Денсаулық сақтау министрлігі Марат Жыланбаевтың жағдайына қатысты түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz BES.media-ға сілтеп.

Құқық қорғаушылар сотталғанның жағдайы ауыр, колониядағы санитарлық жағдай нашар әрі тиісті медициналық көмек көрсетілмей отыр дейді. Ал ҚАЖК мен омбудсмен оның денсаулығы қанағаттанарлық деп мәлімдеуде.

Ведомство Жыланбаевтың сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқанын, ал медицинаға қатысты мәселелер денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде екенін атап өтті.

Министрлік сотталғанның денсаулығы туралы ақпарат құпия екенін жеткізді. Бірақ шағым түскен жағдайда медициналық көмектің сапасына жоспардан тыс тексеріс жүргізілуі мүмкін.

Ведомствоның айтуынша, сотталғандар медициналық бақылау комитетіне немесе аумақтық органдарға тексеріс жүргізу үшін жүгінуіне болады.

Жыланбаевтың жағдайының нашарлағаны туралы хабарлағаны үшін полиция құқық қорғаушы Бақытжан Торегожинаны айыппұлға жыққан.

Омбудсмен Артур Ластаев Жыланбаев белсенді әрі дәрігерлердің бақылауында деп сендірсе, құқық қорғаушылар билікті жалған ақпарат таратып отыр деп айыптайды.

Бұған дейін адвокаттар тергеу изоляторларында медициналық көмек көрсетуде жүйелі проблемалар барын айтқан. Олар марқұм сотталған Талғат Төлеуовтің оқиғасын мысалға келтірді.

Әлемдік рекордтар орнатқан белгілі ультрамарафоншы қазір тыйым салынған ұйымға қатысқаны үшін жеті жылға сотталған. Өзі бұл істі саяси астары бар деп санайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар