Жыл басынан бері дрифт жасаған 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанда жыл басынан бері өткізілген рейдтер барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 226 мыңнан аса дерегі анықталған. Көлікті масаң күйде басқарудың 5 мыңнан аса дерегінің жолы кесілген, қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 4 мыңнан аса дерек белгілі болған. 46 мыңнан аса көлік арнайы тұраққа қойылған. Бұл туралы ІІМ өкілдері мәлімдеді.
Сонымен қатар, 372 жүргізуші дрифт жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Астанада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Алматыда дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, көлік арнайы тұраққа қойылған.