Достық және бірліктің белгісі

Dalanews 26 қыр. 2015 02:47 837

 

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында және Құрбан айтқа орай  Мичурин балалар үйінде «Достық, туысқандық және бірліктің белгісі» атты мерекелік шара өтті. Қайырымдылық акцияның ұйымдастырушылары Павлодар қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 8 «а» сынып жетекшісі Осман Демирель және ата-аналар комитеті.  Мереке өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың патриоттық сезімін дамытуға, отбасылық құндылықты насихаттауға және жетім балаларға қайырымдылық көмегін көрсетуге бағытталған.            Екибастуз (1)

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеме директоры Гүлмира Башированың жетекшілігімен келген қонақтарға өздерінің тұрған үйлерін көрсетіп, экскурсия өткізді. Өлкетану үйірмесінің мүшелері Чернорецк балалар үйінің 70 жылдығына жиналған материалдарға бай мұражаймен таныстырды.

Танысып болған соң, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен лицейліктердің біріккен концерті өтті. Қазақ-түрік лицейінің 8 «а» сынып оқушылары өздерінің білімді екенін көрсетумен қатар, ұлттық аспаптарда ойнайтындықтарын көрсете алды. Және олардың тәрбиешілері Қанат Ертаев үйреткен «Халай» түрік биімен залды көңілдендірді.

Өз кезегіне қонақтардың алдында «Степс» хореографиялық тобы мен  республикалық «Таңшолпан» байқауының лауреаты Дәулет Аханов, керемет биімен, «Жаса, Қазақстан» әнімен қарсы алды.

ҚТЛ-дың ата-аналары барлық балаларға ойын-сауық бағдарламасын сыйға тартты. Бұл әнші Маусым мен иллюзионист-фокусшы Эльдардың көрсетілімі еді. Олар мерекеге жарқын бояулар қосып, көрермендерді өздерінің фокустарымен, қойылымдарымен таңғалдырып, ғажайып бір дүниеге енгізгендей болды.

Екибастуз (2)

Шара отбасы күніне арналған «Әкем, шешем және мен  – спорттық отбасы» эстафетасымен жалғасты. Балалар үйінің стадионында тәрбиешілер, ата-аналар және балалар жарысып, көңілді топтық рухты, өзара көмек көрсетуді, жанұя бірлігін және жеңуді алдына қою сияқты қасиеттерді көрсете білді. Тепе-тең түскен сайыста достық жеңді.

Аталған мерекенің қорытындысы болып, балалар үйінің асханасында лицейліктердің аналары дайындаған мол дастарқан жайылды. Үстелде дастарқан мәзірінде қолдан жасалған қазақ ұлттық тағамдары, тәтті-дәмділердің түр-түрі болды. Ұлы мейрамдар қарсаңында, үлкен отбасы болып жиналған бай дастарқанның басында әрдайым бейбітшілік, құт-береке, достық және бірлік болсын деген тілектер айтылды.

Жазира Сыздықова (ата-ана)

 

 

 

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар