Қазақстанда музыкалық аспаптарды ұшақпен тасымалдау тәртібі заң жүзінде реттелуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың мәліметінше, жаңа ережелерде музыкалық аспаптардың салмағы мен көлеміне қарай нақты талаптар белгіленеді. Оның айтуынша, бұл бастама домбыра секілді ұлттық аспаптарды тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған.
“Музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны тасымалдауды заңды түрде реттеу қажет. Жақын арада жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларына тиісті өзгерістер енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Шамамен бір айдың ішінде нақты шешім қабылданады”, – деді вице-министр.
