Ерлан Қарин Америкада оқып, алты құрлықты армансыз аралаған еліміздегі белді деген саясаткерлердің бірі емес пе? Ол өркениеттің ұшар басына шыққан елдердің танымал адамдары мейлінше қарапайым болатынын білмей ме? Егер Қазақстанның аумағынан аттап баспаған біреу болып бұған таңқалып жатса, түсінер едік.
Ал Еуропа көрген, демократиялық құндылықтар жайында әңгіме айтатын саясаттанушының Джеки Чанның әрекетіне таңқалуына енді біз таңқалып отырмыз.
https://www.instagram.com/p/BVXWys2jgHT/?taken-by=erlankarin
Иә, елімізге Қытайдың әйгілі актері келгенде оның қанша қаламақы алтыны жайында көпішілік әлеуметтік желіде біраз әңгіме өрбіткенін білеміз. Мүмкін Ерекең соған жауап бермекші болып, өзінің ішкі сезімімен байқамай бөлісіп қойған шығар?
Ерлан Қариннің айтуынша, әлемге әйгілі актердің Қазақстанға келуіне ешқандай қаражат жұмсалмапты, тек ЭКСПО-ға билет пен кәдесыйлар сатып әперген көрінеді. Тіпті, Джеки Чан өз ұшағымен келіп, Астанада ешкімге салмақ салмай қарапайым минивэнмен жүріпті. Міне, азамат! Біздің шенеуніктер Джеки Чанның мұндай қарапайымдылығынан үлгі алуы керек қой. Бұған Еркең де таңқалыпты. Ол:
– Таңғаларлық жайт, Джеки Чанның Астанаға ұшып келуі бізге ешқандай шығын келтірген жоқ! Ол достарымен бірге жеке ұшағымен ұшып келді, ешқандай гонорар төленбеді, өзі райдер де ұсынбады. Тіпті, люкс көліктен бас тартып, достарымен қаланы аралау үшін қарапайым минивэн сұрады. Жергілікті елордалық мейрамхана иелері кумирлерін қуана қарсы алып, кешкі ас үшін есеп сұрамады. Қазақстанда бірнеше күн болады деп жоспарланған еді, алайда уақыт тығыз болғандықтан жарты күн ғана болды, – деп жазды Қарин.
Ал біз болсақ Джеки Чан көп ақшаны қалтасына басып кетті деп бекерге жазғырыптық. Айтпқашы, Ерлан мырза Джеки Чанның қарапайымдылығына қатты таңғалғанына қарағанда, біраз дайындалғандары бекерге кеткен сияқты ғой.
Нұрлан ЖҰМАХАН, "Фейсбуктағы" парақшасынан
https://dalanews.kz/16424