Денсаулық сақтау саласындағы былықты ашқан депутат Бақытжан Базарбекті кім сотқа берген?

Көркем Алдабергенова 16 сәу. 2025 18:25 768

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзіне қарсы сотқа арыз берген тараптардың кім екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы кейбір мекемелер депутаттың атына сотқа шағым түсірген. Бұл туралы ол Жоғарғы аудиторлық палатаның үкіметтік сағатында айтып өтті. Сол жиында депутат МӘМС жүйесіндегі кемшіліктерге қатысты нақты деректер келтірген болатын.

– Сол мәліметтермен келіспеген медициналық ұйымдардың бірі мені сотқа берді. Тағы бір мекеме сотқа дейінгі тәртіппен наразылығын білдіріп отыр. Олар ар-намысы мен беделіне нұқсан келді деп санайды. Маған: «Кешірім сұра, әйтпесе адвокат пен сараптама шығындарын өндіріп аламыз» деп талап қойып отыр. Мен бұған келіспеймін. Айтқан пікіріме олар филологиялық сараптама жүргізген екен. Біз де енді өз тарапымыздан лингвистикалық қорытынды аламыз, – деді депутат.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы былықты ашқан депутатқа қысым көрсетіліп жатқанын хабарлаған едік.

Қазақстанда атышулы депутаттық сауалдарымен танылған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекке қарсы азаматтық сотқа дейінгі шағым түсіп, оған көпшілік алдында кешірім сұрау талабы қойылды. Бұл туралы журналист әрі қоғам белсендісі Ботакөз Омарова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл жағдай — тек Базарбекке емес, елдегі әділдік іздеген кез келген белсенді азаматқа жасалған қысым.

“Журналист, қоғам белсендісі немесе халық қалаулысы миллиардтаған ақшаның қайда кетіп жатқанын зерттеп, ашық айтса — бірден қысымға ұшырайды, кибербуллингке тап болады, артынан сотқа сүйрелейді. Бұл — өте алаңдататын сигнал”, – дейді Омарова.

Мәселенің мәні неде?

Журналистің айтуынша, 2024 жылдың қаңтар айында Бақытжан Базарбек Денсаулық сақтау саласындағы заңбұзушылықтарды анық көрсеткен өткір депутаттық сауал жолдап, онда үш басты мәселеге назар аударған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар