Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады

Қаракөз Амантай 27 ақп. 2026 16:57

Қазақстанның көп өңірінде алдағы демалыс күндері аяз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің айтуынша, ел аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклонның ықпалы сақталады.

Ал 2 наурыздан бастап батыс өңірлерге циклон келе бастайды. Соның әсерінен кей жерлерде қар жауып, боран соғуы мүмкін. Оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп жылына бастайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove