"Жиынымызға «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ұлан», «Экономика», «Дружные ребята», «Уйғур авази» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен», «Үркер», «Ақиқат», «Мысль» журналдарының басшылары қатысты", – деді Абаев
Жиында оқырманның сұранысын арттыру үшін редакциялық саясатты қазіргі күнге сай жаңғырту мәселесін талқылаған.
– Әрине, қазіргі қым-қуыт ақпараттар заманында дәстүрлі медианың тоқтаусыз дамыған интернет-ресурстармен бәсекелесе алатыны әлдеқашан дәлелденген. Оған мысал жеткілікті. Бірақ, ол үшін оқырманның ұдайы жаңарып отыратын қажеттілігін дөп басатын сауатты да ұтымды стратегия қажет.
Кездесуде балалар мен жасөспірімдерге арналған журналдардың болашағы мәселесіне де жекелей тоқталдық. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда заманауи дүниелерге сусаған өскелең ұрпақтың шетелдік медиа-өнімдерге қызығушылығы жоғары екені жасырын емес.
Сондықтан, отандық балалар басылымдарының, ағарту бағдарламаларының т.б. сапасын көтеру біз үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Осынау сан салалы жұмысты сандаған жылдық тарихы, қалыптасқан дәстүрі бар «Ұлан», «Балдырған», «Ақ желкен», «Дружные ребята» басылымдарынан бастауға тиіспіз, дейді .
Пікір алмасудың соңында басылымдар интернеттегі және әлеуметтік желідегі жұмысты күшейтіп, интерактивтілікті арттыруы қажет деген пікірге тоқталдық. Сондай-ақ, қоғамдағы көкейкесті мәселелерге баса назар аударып, төл өнімдердің бет-бейнесін заманға сай жаңарту және кадрлық саясатты жақсарту қажет, – дейді Ақпарат және коммуникация министрі.
Абаев сонымен айтулы ақын, қоғам қайраткері және республикалық «Жалын» журналының Бас редакторы Мұхтар Шахановпен жүздескен.
– Мұхтар ағамызбен әңгіме барысында отандық журналистиканың бүгінгі аяқ алысын, баспасөздің болашағын, сонымен қатар, жас қаламгерлерге қолдау көрсету мәселесін тілге тиек еттік, – дейді ол.