Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды

Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды
Алматы әкімдігі

Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.

"Барлық нысанда жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормалардың талаптарын сақтамау деректері анықталды", -  деді әкімдік өкілдері.

Тексеріс қорытындысы бойынша "СК 7 Строй" ЖШС-ға әкімшілік шаралар қолданылып, ол құрылыс қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.