Астанада жасанды интеллект камералары қашан орнатылатыны белгілі болды

Асель Қайратқызы 29 қаз. 2025 14:31

"Үркер" тұрғын үй алабында өткен халықпен кездесуде Жеңіс Қасымбек жаңа камераларды орнату жоспарланып отырғанын айтты. Ол камералар қолданыстағы «Сергек» жүйесімен бірге жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Dalanews.kz

«Бұл жай ғана бейнебақылау камералары емес, олар адамды, автокөліктің нөмірін және тағы басқа ақпаратты анықтай алады. Бұрын камералар бәрін жазып отырмайтын, ақпарат үнемі толық болмайтын. Мұндай камералардың көмегімен астанадағы қылмыстың үштен бірін ашуға мүмкіндік туады», – деп хабарлады әкім Жеңіс Қасымбек.

Бұл жасанды интеллекті бар камераларды БАӘ компаниясы орнатуда. Астанада барлығы 22 мың камера болады. Presight компаниясы «Сергек» жүйесімен бірге жұмыс істейді.

«Жобаны 20–25 желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, мүмкін, бұл мерзімнен ертерек аяқталуы да мүмкін», – деп қосымша айтты қала әкімі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар