– Қазақстанда қазақша сөйлемейтін Кәрім Мәсімов Моңғолияда үкіметін өзі басқаратын елдің мемлекеттік тілінде сөйлепті.
"Бәрекелді!" дегенді айтып жатыр біраз жұрт. Олай айта алмаймын, – дейді Жанболат Мамай.
Журналистің айтуынша, егер үкімет, билік "шетте жүрген қандастарды Қазақстанға қайтаруға бар жағдайды жасаймыз! Келіңдер! Отандарың сендерде күтеді! Қазағым, Алашым Қазақстанда көгерсін, өссін" десе, бөрікті аспанға атып, қуануға болар еді.
– Ал 10 жылға жуық үкімет басқарып, қазақша 10 сөйлем айтпаған премьер бүгін шала-пұшық мемлекеттік тілде сөйледі деген мақтан емес,
- дейді ол сөзінің соңында.